450 гол. Роналду Мессидің рекордын бұзды

29 Қыркүйек 2020, 04:37
1277
Бөлісу:
450 гол. Роналду Мессидің рекордын бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа біріншіліктерінде бірінші болып 450 гол соққан футболшы атанды, деп хабарлады Opta.

Роналду кеше тунде Италия біріншілігінің екінші турында "Рома" қақпасына екі гол соқты (2:2). Осылайша ол Англия, Германия, Испания, Италия, Франция секілді үздік бес чемпионатта рекорд орнатты.

450 гол соғу үшін Роналду 554 ойын өткізген. Ол "Ювентус" сапында Италия біріншілігінде 55, "Реал" сапында 311, "Манчестер Юнайтед" сапында 84 гол салған. 

Роналдудың басты бәсекелесі - "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси. Аргентиналық шабуылшы 486 кездесуде 445 гол соққан. 

Португалия құрамасының шабуылшысы "Ювентус" сапына 2018 жылы "Реалдан" ауысып келді. Роналду үшін туриндік клуб 112 миллионға шығындалды. 35 жастағы шабуылшының командасымен 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт бар. Ол биыл екі кездесу өткізіп, үш гол соқты.  

Өзгелердің жаңалығы