42 500 теңге. Тағы бір жалған ақпарат

15 Шілде 2020, 23:16
1726
Бөлісу:
42 500 теңге. Тағы бір жалған ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан "42 500 теңге" төлеміне өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде - делінген хабарламада.

Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз - дейдіминистрлік мамандары.
Өзгелердің жаңалығы