400 мыңнан астам ақмолалық ЭЦҚ алды

8 Наурыз 2021, 19:29
1221
Бөлісу:
400 мыңнан астам ақмолалық ЭЦҚ алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов өз баяндамасында мемлекеттік қызметтердің сапасын және цифрландыру арқылы халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. 

2020 жылы мемлекеттік қызметтердің 94,8% электронды түрде көрсетілген. 443 мың адамға ЭЦҚ берілді.

Сондай-ақ Б.Беспалинов бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы хабардар етті. Мысалы Департаментпен 50 тексеру жүргізілді. Тәртіптік жауапкершілікке 9 лауазымды тұлға тартылды, жалпы сомасы 558 735 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 14 хаттама жасалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы маңызды бағыт азаматтардың өтініштерін қарау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. 2020 жылы Департамент түрлі сипаттағы 38 шағымды қарады, - деп атап өтті Беспалинов.

Отырыста мемлекеттік қызмет көрсетудің проблемалық мәселелері талқыланды. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.


Өзгелердің жаңалығы