Бас жаңалықтар
2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады
11 Желтоқсан 2019, 18:30 2948

2025 жылға дейін Маңғыстауда 40 инвестициялық жоба жүзеге асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019-2025 жылдары 166 трлн теңгеге 40-тан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 

Бұл 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазір инвесторлармен түрлі деңгейдегі келіссөздер жүріп, келісімдер жасалуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметі хабарлайды.

Биыл инвестициялық жобалардың оншақтысы іске қосылды. Соның бірі - Ақтаудағы гидрооқшаулағыш материалдарды шығаратын зауыт. Мұндай кәсіпорын қазақстанда алғаш рет ашылып отыр, - делінген хабарламада.

Битум қоспасымен жасалған өнім құрылыстың барлық саласына, көпір салуға, ғимараттың іргетасы мен шатырын жабуға дейін қолданылады. Биыл ақпан айында іске қосылған кәсіпорын 9 айдың ішінде 1 мың тоннадан астам өнім шығарған. Оның 65%-ы ел ішіне, 35%-ы өзге елдерге экспортталды. 

Зауыт директоры Дениз Эроглудың айтуынша, биыл өнім Әзербайжан, Ресей мен Германияға экспортталған. 2020 жылы Италия, Тәжікстан, Түрікменстан мен Түркияға жіберу көзделіп отыр. Келісімшарт жасалыпты. Германия компаниясы бұл жобаны жүзеге асыруға 250 млн теңге жұмсаған. Мұнда 25 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Барлығы да Түркияда қайта даярлықтан өтіп, жаңа технологияны меңгерген.

Қазір "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында 29 жоба жүзеге асуда. Оның 18-і іске қосылып, түрлі өнім өндіруге кіріскен. Тағы 11 зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Арнайы экономикалық аймағында инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...