-40°C аязда темекі тарту оңай емес: арнайы орын жабдықтауға 3 млн теңге керек

25 Сәуір 2019, 15:03
2540
Бөлісу:
-40°C аязда темекі тарту оңай емес: арнайы орын жабдықтауға 3 млн теңге керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Қазақстан халқының 30% темекі тартады. Ал қоғамдық орындарда темекі шегу үшін арнайы зона дайындауға 3 млн теңгедей ақша керек. 

Қазақстанда қазір Ұлт саулығына байланысты заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. Онда темекі тартатын тұлғаларға және қоғамдық орындарда, оның ішінде мейрамханалар мен әуежайларда темекі шегуге байланысты тыйым салу шаралары қолданылуы мүмкін. Нұр-Сұлтанда Ресей МемДумасының депутаты, бірқатар мейрамхана мен әуежай, темекі шегетін тұлғалар қауымдастығының басшылары жиналып заңға енгізілетін өзгерістерге көзқарасын білдірді.

«Біз мұндай конференцияны 2014 жылы да өткіздік. Сондай-ақ өздерінің тәжірибесімен бөліссін деген оймен ресейліқ сарапшыларды шақырдық. Ресейде қоғамдық орындарда, мейрамханалар мен әуежайларда темекі шегуге қатаң тыйым салынды. Бүгін МемДуманың депутаты мен сарапшы келіп отыр. Олар заңдағы мұндай өзгерістің қандай эффект бергенін айта кетер. Мүмкін заңдағы өзгерісті қайта қарастырады. Ал біздің қауымдастығымыз мұндай тыйымды темекі шегетіндердің құқығын таптау деп біледі. Қазақстан халқының 30% темекі тартады. Өзім темекі тартпаймын. Бұрын шылым шегу зонасы, залдары қалай жабдықталуын реттейтін арнайы санитарлық қағида болған жоқ. Адамдар сыртқа шығып темекі шегіп келеді, қайтып отырады. Ешқандай проблема болған жоқ. Ал қазір бұл мәселе қоғамда қайта көтеріліп жатыр. Мысалға алып қарасақ, Нұр-Сұлтанда -40 градус аязда сыртқа шығып темегі шегу немесе бизнес орталықтың 40-қабатында отырған қызметкер төменге түсіп, темекі шегіп келгенше қанша уақыт кетеді. Тағы бір мәселе, ересек адамдар көшеде кетіп бара жатып темекі тартады. Оны балалар көреді. Оларға тыйым жоқ. Көретін бала көшеде де көріп жүр. Яғни, ұлт саулығы дегенге Денсаулық сақтау министрлігінің логикасы түсініксіз», - деп бастады конференцияны «HoReCa Қазақстан» ұлттық мейрамхана-қонақүй бизнесіндегі кәсіпорындар қауымдастығының президенті Игорь Копайлов.

Айтуынша, Алматының өзінде 200-ге тарта мекеме темекі шегетін арнайы зонаны жабдықтау үшін кем дегенде 3 млн теңгеге шығындалған.

«Сонымен қатар, темекі тартуға арналған зона дайындау үшін арнайы жабдық алу керек. Алматыда 200-ге жуық орын жабдықтады. Оған ақша 3 млн теңгеден бастап жұмсалады. Сонда Алматыда қазіргі уақытта заңнамалық тәртіпті орындау үшін млрд теңгеге жуық ақша кеткен. Кейбір бизнес осыны орындау үшін несие алған. 2019 жылдың 1 сәуірінде тамақтану және тұру қызметін ұсынатын 39600 мекеме тіркелген. Егер Қазақстандағы тамақтану орындары осы заңнаманы толық орындайтын болса, онда Ресейдегідей шығынға батуы мүмкін. Жыл ішінде 1 млрд доллар пайдадан қағылады. Ал мемлекет 30-100 млн доллар салық түсімінен айырылады. Ресейде осы заң енгізілгеннен кейін рестораторлардың табысы 20-30% төмендеді», - деді Игорь Капойлов.


Өзгелердің жаңалығы