СҚО-да 4 жасар сәби коронавирус жұқтырған

3 Сәуір 2020, 10:50
825
Бөлісу:
СҚО-да 4 жасар сәби коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған. Бұл туралы облыстық СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

4 жасар ер бала – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол провизорлық стационарда әкесімен бірге жатқан. Карантинге шығарар алдында жасалған талдау оның вирус жұқтырғанын анықтады. Қазір ол Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 14 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 14 адам, жалпы Қазақстан бойынша барлығы 444 жағдай тіркелді.

Сауығып шыққандар саны - 27, көз жұмғандар 3 адам.

Өзгелердің жаңалығы