4 маусым. Сайлау барысы

4 Маусым 2019, 17:32
1921
Бөлісу:
4 маусым. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 4 маусым күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессор құрамымен және студенттерімен кездесті. 

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның Орал қаласындағы сенімді өкілдері сайлаушылармен үгіт кездесулерін өткізді.

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сайлауалды штабы шымкенттіктерге үгіт-насихат парақшаларын таратты.

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында Сыр өңірінде «Біз кандидатпен біргеміз!» тақырыбында облыстағы белсенді әйелдер форумы өтті. Қостанайда кандидатты қолдауға арналған педагогтар форумы өтті. 

ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Қабанбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.
Өзгелердің жаңалығы