Бас жаңалықтар
4,8 мыңнан астам жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті
14 Қыркүйек 2021, 15:50 87

4,8 мыңнан астам жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазтеміртранс» АҚ 4,8 мыңнан астам вагоны жоспарлы жөндеу түрлерінен өтті. 

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте күрделі салымдар жоспары бойынша вагондарды жөндеу көлемі 117%-ды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 34 вагонға артық. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9%-дан көп вагон күрделі жөндеуден өтті.

Биыл тамыз айында «Қазтеміртранс» АҚ вагондар паркі 42 мыңнан астам вагонды құраса, орташа тозу деңгейі 54%-дан асты.

Жүк жөнелтушілерді жарамды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін осы жылы жүк вагондарының паркі жартылай вагондарды лизингке сатып алу есебінен толықтырылады. Тамыз айының соңында 850 ашық вагон сатып алынды. Биыл қыркүйекте тағы 150 вагон жеткізіледі.

2020 жылдың қаңтарынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ АҚ жүк вагондарын жөндеудің жоспарлы түрлерін жасалған шартқа сәйкес сервистік компания жүргізеді. Компания үшін вагондарды жөндеу - бейінді қызмет емес екендігіне қарамастан, осы саланы қатаң талдау және бақылау жүзеге асырылады.      


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...