37 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

14 Маусым 2021, 22:15
2889
Бөлісу:
37 шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Полиция департаменті «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Алғашқы жеті күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзған 865 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Оның ішінде 37 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

293 ел азаматы өз үйлерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін жауапқа тартылды. Шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмысқа тартқан 40 кәсіпкер айыппұл арқалады. Сондай-ақ жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтығы бар 3 адам тіркелді, - делінген хабарламада.

Мәселен, 12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысында рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 4 азаматы анықталды.

Жұмыс берушіге ҚР ӘҚБтК 519-бабына сәйкес 30 АЕК айыппұл салынса, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша 3 күнге әкімшілік қамаққа алынды.


Өзгелердің жаңалығы