37 балуанның қатысуымен Qazaqstan Barysy басталды

4 Шілде 2021, 14:29
1303
Бөлісу:
37 балуанның қатысуымен Qazaqstan Barysy басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Qazaqstan Barysy республикалық турнирі басталды.

Биыл балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналып отыр.

Оныншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысы мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады, оның ішінде жобаның жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев бар.

Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Ерасыл Қажыбаев 153 келі тартса, Ерсұлтан Мұзаппаров ең жеңіл салмақ көрсетті (90 келі).

Сайыста бірінші орын алған балуанға алтын тұяқ пен 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге беріледі.

Аталған бәсеке карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылып отыр. 

Турнирді Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден тамашалауға болады. Сонымен қатар Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы