Қостанайда 352 сайлау учаскесінде мекенжай анықтамасын алатын пункттер бар

9 Маусым 2019, 13:02
2211
Бөлісу:
Қостанайда 352 сайлау учаскесінде мекенжай анықтамасын алатын пункттер бар
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов №21 сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде журналистерге берген пікірінде айтты. 

«Барша қостанайлықтарды бүгінгідей тарихи мәні ерекше күнмен құттықтаймын! Сайлау қарсаңында жергілікті атқарушы органдар бірқатар ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Мысалы, 1 мамырдан бастап халықаралық бақылаушыларға көмек көрсету орталығы іске кірісті. Сонымен бірге, екі мыңнан артық сайлаушысы бар 352 сайлау учаскесінде мекенжай анықтамасын алатын пункттер ашылған. Бұл сайлаушылар үшін өте қолайлы», - деді облыс басшысы.

Қостанайда 352 сайлау учаскесінде мекенжай анықтамасын алатын пункттер бар

Архимед Мұхамбетов өңір тұрғындарының бұған дейінгі сайлауларда көрсеткен белсенділігін атап өтті.

«Ел президент таңдауда да, парламент, мәслихат депутаттарын сайлауда да жерлестеріміздің қатысу көрсеткіші жоғары болды. Сондықтан, осы жолғы науқаннан да жақсы нәтиже күтемін», - деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанайда 352 сайлау учаскесінде мекенжай анықтамасын алатын пункттер бар

№21 сайлау учаскесі Қостанайдағы №1 мектеп-лицейінде орналасқан. Мұнда 2421 адам сайлаушы ретінде тіркелген.

«Алғашқы 3 сағаттың өзінде шамамен жүзден артық адам дауыс берді. Қазірге дейін мүмкіндігі шектеулі 13 адамнан өтінім келіп түсті. Комиссия мүшелері олардың үйіне көшпелі жәшікпен түстен кейін барады», - деді №21 сайлау учаскесінің комиссиясының төрағасы Александр Минко.

Өзгелердің жаңалығы