Бас жаңалықтар
35 жастағы семейлік жігіт 60 рет қан тапсырыпты
17 Маусым 2019, 12:12 327

35 жастағы семейлік жігіт 60 рет қан тапсырыпты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаншама өмірді аман алып қалған Сергей Мельниченко небәрі 35 жаста. Жылдар бойы донор болып келе жатқан Сергей бір адамға болсын ғұмырын ұзартуға пайдаcы тигенін қалайды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

«Көбісі қан тапсыруға қорқады, бірақ қорқатын ештеңе жоқ! Процесс кезінде ешбір жеріңіз ауырмайды. Инеден ауру жұқтырамын деп те, қауіптенудің керегі жоқ, өйткені бұл жерде бәрі таза, талапқа сай жасалады. Инфекция мен вирусты шегеден-ақ жұқтырып алуыңыз ықтимал ғой. Сол себепті, кез-келген адамның жүрегі жылулық пен мейірімге толы болуы тиіс. Әрине, әркімнің өз таңдауы өзінде, алайда сіздің қаныңыз бір жанға жаңа күш пен өмір сыйлайтынын бір сәт ойлап көріңізші», - дейді Сергей.

Айта кететін болсақ, қан құюға мұқтаж жандар қай уақытта болмасын бар, бола береді де. Сіздің қаныңыз босану кезінде көп қан жоғалтқан әйелге, анемиямен ауыратын балаға және қан мен сүйек ауруына шалдыққандарға, төтенше жағдайлар, авария құрбандарына, күрделі ота жасаған пациенттерге қажет.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық