Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
30 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 730 адам коронавирус инфекциясынан (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 763 адамның жағдайы ауыр;
• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.