Бас жаңалықтар
320 түлек ҰБТ-дан шеттетілді
30 Маусым 2020, 05:25 55

320 түлек ҰБТ-дан шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21-28 маусым аралығында Түркістан облысында 14 681 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Олардың 13 821-і тестілеуге қатысты.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Құдайберген Шербаев мәлімдеді. 

ҰБТ өткізу кезінде 201 талапкердің емтиханға тыйым салынған заттармен кіргені анықталды. Қатаң талаптардың негізінде олар тесттен шығарылды. Сонымен қатар 119 түлек тыйым салынған заттарды пайдаланып, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Нәтижесінде, тестілеу нәтижелері де жойылды. ҰБТ кезінде тестілеуі есепке алынбаған, не кірмей қалған жастармен психологтар арнайы жұмыс істейиі болды, – деді Құдайберген Қайыпбекұлы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...