32 келі салмақ тастағанға 3 миллион теңге төленді

19 Қаңтар 2021, 16:34
2419
Бөлісу:
32 келі салмақ тастағанға 3 миллион теңге төленді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Ба́кингемшир аймағынан келген адам 32 келі артық салмақтан арылғаны үшін 5 мың фунт стерлингке (шамамен үш миллион теңге) ие болды.

Pop Star порталының хабарлауынша, Крис Демпси әйелімен ажырасқаннан кейін зиянды тағамдарға әуес бола бастаған.  

2020 жылы британиялықтың салмағы 140 келіге жетіп, ауруханаға түскен. Сол кезде дәрігерлер дивертикулит деген диагноз қойған. Яғни ішектің қабынуы. Емдеу кезінде дәрігерлер ер адамға артық салмақ оның өмір салты мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.

Ажырасқаннан кейін мен бәрін жей бастадым және тамақтан жұбаныш іздей бастадым, - деп мойындады ол.

Осы оқиғадан кейін ер адам букмекерлік кеңсеге барып, 10 ай ішінде 32 келі салмақ тастайтына 200 фунт бәс тіккен. Букмекерлік кеңсе мұның ықтималдығы аз екеніне сенімді болып, бәсті қабылдаған.

32 келі салмақ тастағанға 3 миллион теңге төленді

Ауруханаға түскеннен кейін, бұл маған үлкен мотивация болды. Артық салмақтан құтылып, жақсы нәтиже көрсету деген стимул болып, соған қол жеткізуге тырыстым, - дейді Крис.

Салмағын азайту үшін Демпси зиянды тамақ пен фаст-фудтан бас тартып, тәтті латте ішуді тоқтатты. Ол пайдалы түскі ас дайындай бастады. Ал таңғы астың орнына коктейль ішті. 

Кристің айтуынша, телефондағы фитнес қосымшасын қолдана отырып, өзінің калориясын қадағалаған.

Каратин кезеңіндегі шектеулерге байланысты спортзалға жазыла алмаған. Сондықтан ол көшеде күніне 10 мың қадамнан бастап, кейіннен күніне 32 шақырым жүре бастады.

Демпси аталған мақсатқа жоспарланған мерзімнен бір ай бұрын қол жеткізіп, букмекерлік кеңседен бес мың фунт алды.

32 келі салмақ тастағанға 3 миллион теңге төленді

Мен үшін бұл үлкен жетістік. Әрине, 2020 жыл қиынға соқты. Бірақ бұл менің өмірімдегі – ең керемет оқиғалардың бірі. Осы жетістігіммен толық мақтана аламын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы