31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда

30 Қараша 2020, 09:12
1656
Бөлісу:
31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 30 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 43 жағдайы тіркелді. Оған қоса 41 адам емделіп шықты. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 164 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 905 бала бар. Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 42147, 443 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30535 жетті.
Өзгелердің жаңалығы