31 мамыр. Сайлау барысы

31 Мамыр 2019, 16:56
2060
Бөлісу:
31 мамыр. Сайлау барысы

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 31 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Алматы облыстық сайлауалды штаб өкілі №5 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесті. 

 

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» шеруін өткізді.

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облысына келіп, Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, кандидат Павлодардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. 

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбеков туризм саласын дамыту туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфир өткізді. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысы Қазалы ауданы орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан №170 орта мектепте кездесу өткізді. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 200-ге жуық қызметкері бар Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кандидаттың БҚО бойынша Өңірлік штабының үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде мекеме қызметкерлерімен кездесу өтті. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында​ ақ халатты абзал жандармен кездесу өтті.

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев штабы өкілдері Петропавлдағы спортшыларға үміткердің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидаттың республикалық штабы Алматы қаласында қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесті. 


 

Өзгелердің жаңалығы