Бас жаңалықтар
300 қазақстандық IT-компания жеңілдікке ие болады
13 Тамыз 2020, 16:52 240

300 қазақстандық IT-компания жеңілдікке ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінде 300 қатысушы компания бар. Технопарктің барлық қатысушысы салық жеңілдіктерін алады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтардан босатады. 


Мемлекеттік қолдаудың мұндай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Astana Hub қатысушысы мәртебесін алу үшін Astana Hub веб-порталында ең аз құжаттар пакетін ұсына отырып, онлайн тіркелу керек.

Astana Hub хабарлағандай, технопаркке қатысушы мәртебесін алу үшін компанияның Нұр-Сұлтан қаласында болуы міндет емес: құжаттарды электронды  түрде ұсыну жеткілікті, ал компания сәтті тіркелген жағдайда тиісті шартқа қол қою ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылады.
Бізде ел ішінде экс-аумақ қағидасы бар. Astana Hub-тағы 300 қатысушы компанияның 140-тан астамы Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен және өзге  аймақтарда орналасқан, - дейді стартап экожүйені қолдау департаментінің аға менеджері Жансая Қалыбекова.
Сонымен қатар, қатысушы мәртебесі компанияларға шетелдік жұмысшыларды олардың санын квотасыз тартуға, сондай-ақ стандартты 3 жыл орнына 5 жылға дейін жұмыс визасын алуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, шетелдік азаматтардың Қазақстанға кіруіне қолданыстағы карантинге байланысты шектеу шаралары кезінде ведомствоаралық комиссияның (ВАК) рұқсатын алу қажет. Рұқсат алу үшін қатысушы компания өңір әкімінің атына шетел азаматын тартуға ресми хат дайындайды. Хат Egov сайты арқылы беріледі. Шектеу шаралары кезінде мемлекеттік шекарадан өту тәртібі туралы толығырақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтынан білуге болады.

Фото: дереккөз
Загрузка...