30 жастағы ер азамат зейнетақы қорына 6,7 млн теңге жинаса шешіп алуына болады

29 Қаңтар 2020, 12:03
1881
Бөлісу:
30 жастағы ер азамат зейнетақы қорына 6,7 млн теңге жинаса шешіп алуына болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан дөңгелек үстелде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаны шешу туралы айтты.

Бұл жерде әр жасқа өзінің тиісті қажетті сомасы болатынын айта кетейін. Сол межеден асқанын алуға болады. Мысалы, 30 жастағы ер азаматқа қажетті зейнетақы сомасы – 6,7 млн теңге. Өйткені, оның әлі де зейнетке жеткенше 33 жылдай уақыты бар. Сол уақытта қалған соманы жинауға мүмкіндігі болады. Елу жастағы ер адамға 7,2 млн теңге деп белгіледік. Ал енді зейнет жасына жеткен ер азаматқа 8,2 млн теңге, - деді Біржан Нұрымбетов.
 
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын.
Үкімет пен ұлттық банк біраз шаруа атқарып, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет. Бүгінде жұмыс істеп жүрген адам зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат бар. Бірақ ол ақшаның зейнетке дейін пайдаланамын дейтін адамды да түсінуге болады. Сондықтан Үкіметке жылдың соңына дейін жұмыс істейтін адамдардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырамын, - деген болатын Тоқаев алғашқы Жолдауды жариялау кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға немесе білімге жұмсауға болады.


Өзгелердің жаңалығы