Бас жаңалықтар
Қазақстандық бұрымды 30 секундта 17 тонналық жүк машинасын қозғады
23 Шілде 2019, 11:35 266

Қазақстандық бұрымды 30 секундта 17 тонналық жүк машинасын қозғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы алматылық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк машинасын сүйреді. 

Дарья құрыштай дене бітімі және спорттағы жетістіктерімен ғана көпшілікке белгілі емес. Ол ауыр жүк көліктерін сүйреумен де шұғылданып келеді. Мысалы Дарьяға 7 тонналық жүк машинасын немесе 50 жолаушысы бар 22 тонналық трамвайды орнынан қозғалту түкке тұрмайды. 

«Мен жай ғана қасынан өтіп кете алмадым. 17 тонна 30 секундта! Мен өзімді тежедім, бірақ трек-пулуға деген махаббатым басым түсті», - дейді ол. 



 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық