Тұман, қар аралас жаңбыр – 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

30 Сәуір 2019, 08:15
2085
Бөлісу:
Тұман, қар аралас жаңбыр – 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашын, көбінесе қар жауады.


Кей жерінде тұман түсіп, жел күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады. 

Кызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с,  кей жерінде 23-28 м/с, кей жерінде шаңды дауыл, танертең және күндіз дауыл болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, Ақмола облсының кей жерінде найзағай болады.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы түнде кей жерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерінде 25 м/с күшеюі ықтимал, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Жамбыл облыстарында танертең және күндіз, Алматы облысында күндіз кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы