30 наурызға арналған ауа райы болжамы

30 Наурыз 2019, 09:16
1962
Бөлісу:
30 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің болжамынша бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. 

Оңтүстікте мол жауын-шашын болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел күшейеді. Сонымен қатар, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.  

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы