30 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда

23 Қараша 2020, 09:15
1960
Бөлісу:
30 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.


Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 44 жағдайы тіркелді. Оған қоса 27 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 41203, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30086 жетті.


Өзгелердің жаңалығы