30 мыңнан астам алматылық ата-ана баласына вакцина салуға рұқсат берді

11 Қараша 2021, 15:01
884
Бөлісу:
30 мыңнан астам алматылық ата-ана баласына вакцина салуға рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияға ата-аналардың 20%-ға жуығы келіскен.

Бүгінде Алматыда 12 жастан 18 жасқа дейінгі 170 мыңнан астам жасөспірім бар.

Ата-аналардың 20%-ға жуығы келісті, ал бұл - 30 мыңнан астам бала. Вакцина 20 қалалық емханаға жіберіледі, содан кейін дәрігерлер мектептерден мәліметтерді жинайды. Вакциналаудан бұрын міндетті тексеруден өтеді, ал баланы басқа кабинетте вакциналағаннан кейін жарты сағат ішінде екінші дәрігер бақылайтын болады, - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетерлігі, вакцина мектептерде сақталмайды, ол тізімге сәйкес жеткізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы емханаларына Pfizer вакцинасының 50 мыңға жуық дозасы таратылатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы