30 мамырға арналған ауа райы болжамы

30 Мамыр 2019, 08:15
1678
Бөлісу:
30 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашын болмайды.

Ал атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлерінде тұрақсыз  ауа райы сақталады,  жаңбыр жауады. Республиканың кей аймағында найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Павлодар облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерде тұман, дауыл болуы ықтимал.

Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы