Бас жаңалықтар
«30 игі іс». 30 кітап сыйға берілді
05 Желтоқсан 2020, 19:05 206

«30 игі іс». 30 кітап сыйға берілді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Елорда бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «30 игі іс» акциясы аясында елордада жаңадан ашылған №90 мектеп-гимназиясына 30 кітап сыйлады.

Балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға мектеп кітапханасының қосар үлесі зор. Сол себепті жаңа мектепте жаңа кітаптар көбірек болсын деп үш тілде жазылған 30 кітап сыйлап отырмыз. Алдағы уақытта бұл игі іс өз жалғасын табады деген сенімдемін, – деді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары Жазира Нариманқызы.

Кітаптардың барлығы «Рухани жаңғыру» жобасы аясында туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын кеңінен таныстыру үшін шығарылған. Соның ішінде «Қасиетті Қазақстан» кітабына еліміздің киелі жерлері, қасиетті орындары мен ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілген.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Эстафетаданың басты мақсаты - қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау.

2020 жылдың өзінде-ақ, 16 желтоқсанға дейін «30 игі іс» жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипед жалдау бекеті бар жол трассасы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ церебралды паралич және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығының ашылуы өтеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...