Астанада 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады

1 Тамыз 2020, 13:12
1593
Бөлісу:
Астанада 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезеңіндегі қоғамдық көлік жұмысының дайындық барысымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлады қала әкімі Алтай Көлгінов.

Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді.

Маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексереді. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз жіберуге қатаң тыйым салынады, - деді ол. 

Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Әкім пандемия кезінде жүргізушілер медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдағанын айтты. Жүргізушілер коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатыр.

Бүгін оларды келе жатқан көлік қызметкерлері күнімен құттықтадым. Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы