3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

3 Сәуір 2019, 08:15
2288
Бөлісу:
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады, оңтүстіктің тауларында  қатты жаңбыр жауады.

Республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі, шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, түнде кей жерінде, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола  облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с болады. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде және күндіз кей жерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы