Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

3 Сәуір 2019, 08:35
1532
Бөлісу:
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сәрсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

"2019 жылғы 3 сәуірде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзгелердің жаңалығы