3 маусымға арналған ауа райы болжамы

3 Маусым 2019, 08:15
1781
Бөлісу:
3 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 3 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашын болмайды.

Кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерінде шаңды дауыл болуы мүмкін, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл, таңертең және күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел  15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерінде найзағай болуы мүмкін.

Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облысының кей жерінде күндіз қатты ыстық болады.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде апаттық өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы