3 маусым. Сайлау барысы

3 Маусым 2019, 18:20
2177
Бөлісу:
3 маусым. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 маусым күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз.

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Семей қаласында қала тұрғындарымен және партия активімен кездесуі өтті

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Сыр өңірінде «Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосанов әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шықты

«Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековты қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысында футболдан турнир өтті

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспихов Батыс Қазақстан облысындағы сенімді өкілдерімен кездесті

ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы облысында халықпен тығыз жұмыс жасайтын сала мамандарымен, қоғам белсенділерімен кездесті. Кандидатты қолдау мақсатында елордада жастар форумы өтті

ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Түркістанда автошеру өткізді


 

Өзгелердің жаңалығы