3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

3 Ақпан 2019, 09:10
2680
Бөлісу:
3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым облыстарында ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.

Тек республикамыздың солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі болжанады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай, түнде Жамбыл, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерінде - тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Өзгелердің жаңалығы