29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

29 Тамыз 2019, 07:19
7595
Бөлісу:
29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2009 жылы дәл осы күні Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады. 

Енді осы датаға орай Қазақстаннның Ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатының ратификациялау грамоталарын табыстау шарасы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл Тұңғыш президенттің 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.

Сондай-ақ мереке қарсаңында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды.

Оның айтуынша, бұл күнді барлық ядролық қарудың көзі жойылмайынша атап өту қажет.


Өзгелердің жаңалығы