29 наурызға арналған ауа райы болжамы

29 Наурыз 2019, 08:15
1671
Бөлісу:
29 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. 

Оңтүстіктің кей жерінде жаңбыр қатты жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерде екпіні 25 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында тұман, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының таңертең және күндіз кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар, Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы