29 мамырға арналған ауа райы болжамы

29 Мамыр 2019, 08:15
1473
Бөлісу:
29 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде, соған байланысты көбінесе ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Ақтөбе облысының кей жерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл, күндіз Кызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Атырау облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының кей жерінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін. 




Өзгелердің жаңалығы