Бас жаңалықтар
Шуда 40 жастағы тұрғынның көлігінен 287,5 келі марихуана табылды
11 Қыркүйек 2019, 14:51 167

Шуда 40 жастағы тұрғынның көлігінен 287,5 келі марихуана табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Toyota Runner» маркалы автокөлігінен жалпы салмағы 12 қап кептірілген есірткі тәркіленді, деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысы ПД-ның патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолының 33-шақырымында «Toyota Runner» маркалы автокөлігімен кетіп бара жатқан Шу қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына жіберілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық