284 мыңға жуық шымкенттік 42500 теңге алды

25 Мамыр 2020, 22:37
1324
Бөлісу:
284 мыңға жуық шымкенттік 42500 теңге алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау шаралары көрсетілді. 

Атап айтқанда, табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Nur Otan" партиясы арқылы "Біргеміз" қоғамдық қорымен 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн маска таратылды.

Республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға - 994,7 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген.

Өзгелердің жаңалығы