«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бөледі

19 Ақпан 2019, 12:23
1709
Бөлісу:
«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бөледі

Астана, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгінгі Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов 2019 жылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінетінін мәлімдеді.


Үкімет отырысында Әріпханов бұл шара «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы мен  «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес, кредиттік тұрғын үй құрылысына бағытталған қаражаттың айналымдылығын қамтамасыз ету үшін бөлінетінін айтты.

«Қаражат банктің салымшыларына жылдық 5% бойынша бастапқы жарнасы 20% 25 жылға дейін мерзімге несие беруге бағытталады. Бұл қаражат есебінен халыққа шамамен 186,7 мың шаршы метр тұрғын үйге қарыз беру жоспарланған. Бұдан басқа, «Республикалық бюджет туралы» заңда 2019 жылы Қазақстанның Даму банкіне жалпы сомасы 10 млрд теңгеге бюджеттік кредит беру көзделген. Қаражат жеке тұлғаларға елімізде жасап шығарылатын жеңіл автокөлік сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, автокөлікті және арнайы мақсаттағы автотехниканы лизингтік қаржыландыруға бағытталады», - деді басқарма төрағасы.

Еске сала кетсек, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 14 378 пәтер сатылды. Оның ішінде 2018 жылы 8724 пәтер сатылған.

Назерке АБИБУЛЛА

Өзгелердің жаңалығы