28 мамырға арналған ауа райы болжамы

28 Мамыр 2019, 08:15
1324
Бөлісу:
28 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін республиканың басым бөлігі жоғары қысым аумағының әсерінде болып, жауын-шашын болмайды.

Тек атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Атырау облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жетіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.

Түнде Қарағанды ​​облысының кей жерінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі, Шығыс Қазақстан ​​облысының кей жерінде 3 градус үсік сақталады.

Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде өрт қаупі сақталады.    

Өзгелердің жаңалығы