Бас жаңалықтар
28 мамыр. Сайлау барысы
28 Мамыр 2019, 21:46 964

28 мамыр. Сайлау барысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 28 мамыр күні Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды штабтары жүргізген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамыз. 

ҚКХП атынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің Жамбыл облыстық сайлауалды штабының белсенділері мен өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев жас сайлаушылармен кездесті. 

Атырау қаласындағы “Ақжелкен” шығармашылық орталығында ҚР Президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері орталық ұжымымен кездесті. Елордада кандидаттың республикалық сайлауалды штабында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізілді. 

Ақтөбеде «Ауыл» партиясынан кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасы талқыланды. 

«Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан» ҚР президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың республикалық сайлауалды штабы делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшелері Жандар Кәрібайұлы мен Масат Берік аймақтағы жастармен кездесті. 

ҚР президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел Ақмола облысының Красный Яр ауылының ипподромында жыл сайынғы ат жарысы маусымының ашылуына қатысты. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...