Сертификаттау. 28 кәсіпорынға шығынын өтеу үшін қаржы бөлінді

29 Қыркүйек 2021, 14:57
1293
Бөлісу:
Сертификаттау. 28 кәсіпорынға шығынын өтеу үшін қаржы бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов 28 кәсіпорынға сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қаржылық қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Оның айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асыратын Жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы отандық өнеркәсіпті қолдаудағы тиімді құрал ретінде көрсетті.
Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы отандық өндірушілерге ірі тапсырыс берушілермен келісімшарттар жасасу үшін әлеуетті арттыруға және халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды 70%-ға дейін өтеуге мүмкіндік берді, - деді Берік Бекенов.

Басқарма төрағасы баяндағандай, бірінші кезеңде 200 кәсіпорын іріктеліп, әр компания үшін жеке даму жоспарлары әзірленді. Жұмыс қорытындысы бойынша кәсіпорындардың 82%-ы өздерінің бизнес-процестерін жақсартты.

Әрбір кәсіпорын ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеу процестері шеңберінде жеке сүйемелденді, олар үшін маркетинг, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны арттыру бойынша тренингтер өткізілді. Бүгінде 43 кәсіпорын шетелдік кәсіпорындармен қатар КПО, ТШО, НКОК, АрселорМиттал Теміртау, Қазмырыш, Қазақмыс, Қазминералс тапсырыс берушілердің дерекқорларында аккредиттелген өнім берушілер мәртебесін алды, - деп атап өтті ол брифингте.

Сонымен қатар 28 кәсіпорынға 123 млн теңгеге сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаржылық қолдау көрсетілді.

Мысалы, жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы аясында полиэтилен және полипропилен құбырларының өндірушісі «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясына» американлық мұнай және газ институтының халықаралық қайта сертификаттауын алу бойынша шығындар өтелді.

Өзгелердің жаңалығы