28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаңа 350 жарық бағаналары орнатылады – Алматы

18 Сәуір 2021, 07:43
1363
Бөлісу:
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаңа 350 жарық бағаналары орнатылады – Алматы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев хабарлады.

Сапар Нұрашев биыл 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта 20 мың шаршы метр алаңда жаңа асфальт және 3 645 шаршы метр тротуар плитасы пайда болатынын хабарлады. Сондай-ақ саябақта жаңа 351 жарықтандыру тіректері орнатылады, қосымша 103 орындық пен 107 қоқыс жәшігі қойылады, 23 ескі ретро-орындықтар қалпына келтіріледі, 103 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады.

Кіші Алматы өзені жағалауының келбеті өзгереді. С. Нұрашевтің мәліметінше, өзен бойында 160 жарықтандыру бағаны, Достық гүлзарында 95 жарықтандыру бағаны орнатылады, 22 800 шаршы метр асфальт төселеді. 2021 жылы 240 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, 42 400 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 1000-нан астам жасыл желек отырғызылады.

Жайлы қалалық орта басқармасының 2 көшені – Жамбыл (Наурызбай батыр көшесінен Достық даңғылына дейін) абаттандыру жоспары бар. Онда жаңа асфальт төселеді, жарық орнатылып, 215 шырша отырғызылады.

Сондай-ақ Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі аралығы өзгереді. Онда асфальт, тротуар плиткалары төселеді, орындықтар қойылады, жарық пайда болады, 63 үйеңкі ағашы отырғызылады.


Өзгелердің жаңалығы