27 тамызға арналған ауа райы болжамы

27 Тамыз 2019, 08:12
1755
Бөлісу:
27 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігі циклонның және сонымен байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерде дауыл тұрып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктің кей жерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы