Бас жаңалықтар
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасына қатысты
10 Желтоқсан 2019, 14:52 1867

Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам "Еңбек" бағдарламасына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқамерзімді курстар өткізуді көздейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2 087 адам қамтылған. Қысқамерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту. Оның аясында бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі, - делінген хабарламада.

Қызылорда облысында 877 адам микрокредитпен қамтылған. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 642 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 1 073 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Қызылорда облысында 10 593 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 141-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 014-і жастар практикасына және 6 438 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...