Бас жаңалықтар
26 жас дипломаттың сұхбаты
05 Наурыз 2019, 10:32 475

26 жас дипломаттың сұхбаты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Шетелдегі дипломатиялық қызметтегі міндеті мен қазақстандық дипломаттардың имиджі туралы ой бөліскен 26 жас дипломаттың сұхбаттар жинағы шықты.

Қазақстанда Жастар жылы аясында Сыртқы істер министрлігі ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтымен бірлесе отырып, біздің министрлігіміздің жас дипломаттарымен және Академияның Дипломатия институтының тыңдаушыларымен кездесті, сондай-ақ сыртқы саяси ведомствомыз жариялаған «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» кітабының ресми тұсаукесері өтті. 

Кітапқа еліміздің сыртқы дипломатиялық қызметінде жүрген 26 жас маманның сұхбаты берілген. Орыс және қазақ тілінде алынған сұхбаттар жинағында Сингапур, АҚШ, Қытай, Әзербайжан, Франция т.б. елдерде түрлі қызметте жүрген жас дипломаттар жұмысындағы қызықты тұстарды, міндеттері, қазақстандық дипломаттың имиджі, болашақта еліміздің сыртқы саясатына қатысты көзқарастарымен туралы ойымен бөліседі.

"Өмірде көзге жиі байқалмайтын белгілер кездескенде оларға аса көңіл бөлмейміз, бірақ пазл жиналған кезде олар сені осы - қазіргі нәтижеге әкелгенін түсіне бастайсың. Мектеп кезінен бастап халықаралық қатынастар тарихына, әртүрлі елдердің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сиқырына, сондай-ақ шетел тілдеріне қызығушылық таныттым. Сондай-ақ, мені көбіне соғыстардың не себепті жүріп жатқаны және оларды болдырмау үшін не істеу керектігі туралы сұрақтар қызықтырды. Дипломат мамандығының тек қана ер адамдарға арналған мамандық деген стереотип оймен, мен әдепкі кезде халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылатын халықаралық құқық пен әлемдік экономика мәселелеріне назар аудардым, алайда, олар ақыр соңында менің мамандық таңдауыма әсер етті. Бұл таңдаудағы ең бастысы - өз жұмысыңды жақсы көріп, стереотиптерге сүйенбеу", - деп бөліскен  Қазақстан Республикасының Сингапурдегі  елшілігінің бірінші хатшысы Айнұр Өзбекова.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Академия ректоры Фатима Жақыпова, Дипломатия институтының директоры Мариан Әбішева, дипломатиялық қызмет ардагерлері, Академия тыңдаушылары, сондай-ақ «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» жобасына қатысушылардың өздері қатысты.

Басылымның тұсаукесері Қазақстандағы Жастар жылы аясында өтуде.
Рахила Бекназарқызы
Загрузка...

Сізден жаңалық