26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

25 Қараша 2019, 14:32
4052
Бөлісу:
26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын-шашын тудырып, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне әкелді.

Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғарғы барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыйды, ал тропосфералық ағындар (5 км-ге жуық биіктікте) ендікке ауысуын бастайды. Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймақтарында температураның жоғарылауын тудырып, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы