26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

25 Ақпан 2019, 13:03
2913
Бөлісу:
26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер 26-28 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Орталық Азия аймағынан жылжитын атмосфералық ағындар алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ақпал етеді.

«Солтүстік өңірлердің кей жерлерінде қар жауады, бұрқасын, қатты екпінді жел соғады, оңтүстікте жауын-шашын болуы мүмкін, ылғалды қар түсіп, тұман және көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын күтіледі, ал кей жерлерде одан жоғары болуы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы