250 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

28 Шілде 2020, 14:06
1985
Бөлісу:
250 млн теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Қайрақ" (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Қазақстан Республикасының азаматы мінген "Вольво" маркалы көлікті шекаралық бақылаудан өткізу кезінде "алтын кенін" тапты деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы салмағы шамамен 10 тонна. 12 көлемді қапқа салынған. Құжат бойынша жүк – 13 тоннаны құрайтын "кварцит" заты болып ресімделген. 

Интернет-ресурстардың мәліметі бойынша 1 тонна алтын кенінен 1 келі таза алтын шығады. 

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сүйенсек, 1 грамм алтынның нарықтағы құны – 25 213 теңге. Қолдағы мәлімет бойынша мемлекеттік шығынның құны шамамен 250 000 000 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы