Бас жаңалықтар
25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
25 Сәуiр 2019, 08:17 265

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, әлі күнге дейін еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, оңтүстік және оңтүстік-шығысында катты жаңбыр жауады.


Батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерінде екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында – тұман түседі.

Павлодар облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысында түнде және таңертен кей жерінде тұман түсуі мүмкін.

Сізден жаңалық