АҚШ-та дәрігер 25 науқастың өліміне кінәлі деп айыпталуда

6 Маусым 2019, 14:03
1796
Бөлісу:
АҚШ-та дәрігер 25 науқастың өліміне кінәлі деп айыпталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Уильям Хьюзель науқастарға ауырсындырмайтын дәрі-дәрмектің өмірге қауіп төндіретін мөлшерін енгізген. Оның қорғаушысының айтуынша, дәрігер осылайша өлім аузында жатқан науқастарға қамқорлық көрсетпек болған. Бұл туралы Associated Press агенттігі жазды. 

АҚШ-та қарқынды емдеу бөлімінің дәрігері тұтқындалды. Оған 25 науқасқа көп мөлшерде ауырсындырмайтын дәрі-дәрмек екті деген айып тағылды.

Уильям Хьюзел 25 пункті бойынша өзін кінәлі деп мойындамады. Сот айыпталушыға млн доллар көлемінде ақшалай кепілдік төлеуді талап етті.  

Тергеу амалдары барысында 43 жастағы дәрігер өзінің науқастарына дәрі-дәрмектің адам өміріне қауіп төндіретін мөлшерін енгізген. Қайтыс болған пациенттердің көбі өз бетінше дем ала алмаған және паллиативтік көмек алып жатқан. Мамандардың мәліметінше, кейбір пациенттің жағдайын жақсартуға мүмкіндік болған. Науқастардың қайтыс болу фактілері 2015 және 2018 жылдары аралығында тіркелген. 

Былтыр желтоқсан айында Хьюзел 5 жыл бойы жұмыс істеген Маунт-Кармел ауруханасынан шығарылды. Ол Огайо штатындағы медициналық лицензиясынан айырылды. 

Айыпталушының адвокаты өз клиентінің ешкімді өлтіруге ниеті болмағанын және «жаны ашыған соң» осындай әрекетке барғанын мәлімдеді. 

Аталған ауруханаға және дәрігерге қарсы сотқа 20 шақты арыз түскен. Аурухана әкімшілігі көпшілік алдында кешірім сұрап, кейбіреулеріне 100 мың доллардан төлеп, жағдайды реттеді.
 

Өзгелердің жаңалығы